Міндеттері: Дәстүрден тыс әдіс бойынша сурет салу тәсілдерін бекіту; Гүлдердің ерекшеліктерін, қасиеттерін түсіндіре дамыту; Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Шаттық шеңбері! Табиғатқа қамқор боп, Байлығын біз қорғаймыз. Әдепті де,тәртіпті боп. Жақсылығын қолдаймыз.
Бағбан: -Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Мен бағбанмын. Балалар, мен гүлдерді өсіремін, суарамын, қопсытамын, гүлге су себемін, сүлгімен шаңын сүртемін. Осының барлығын бір сөзбен айтқанда мен гүлдердің әдемі болып өсуін қадағалаймын.
-Балалар сендер бүгін ненің суретін саласыңдар?
-Балалар, қандай керемет менде сурет салғанды жақсы көремін. Сендермен бірге сурет салуға рұқсат бересіңдер ме?
Тәрбиеші:
-Балалар, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?
-Ендеше үлгіге қарап гүлдің суреттерін салайық. Екі топқа бөлінеміз.
-Бағбан, бірінші топпен сурет салыңыз, мен екінші топпен бірге сурет саламын.
Сурет салу әдісі:
1.Ұнаған түсті таңдау.
2.Қағаздың ортасында гүлдің суреті салынған, және пва клей көмегімен гүлдің сабағына рошки жапсырылған.
3. Балалар өздеріне ұнайтын түстерді қолдана отырып гуашьпен бояп бастайды.
4. Гүлдің жапырағын акварель бояуымен бояу.
5. Балалармен жеке жұмыстар жүргізу.
Гүл болып өсеміз
Гүл болып ашыламыз
Гүл болып жайқаламыз
Гүл болып жабыламыз
-Сурет салуды аяқтау.
Балаларды мадақтау.
Бағбан: -Балалар сендермен сурет салған өте қызық, бірақ маған үйге бару керек. Гүлдерге су құятын уақыт жетіп қалды. Сау болыңдар, балалар!
“Болашақ” аралас ересек тобы
Тәрбиеші: Тілекқабыл А.Б