bkogov.kz Жүгіру жолы
"Арай" Бөбекжайы" МКҚК
Батыс Қазақстан Облысы Әкімдігі Білім Басқармасының Бөрлі Ауданы Білім Беру Бөлімінің
bkogov.kz
Жүгіру жолы
AA+
"Арай" Бөбекжайы" МКҚК
Батыс Қазақстан Облысы Әкімдігі Білім Басқармасының Бөрлі Ауданы Білім Беру Бөлімінің
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!

Тақырыбы: «Қысқы қызықты серуен»
Мақсаты: қыста далада уақытты көңілді өткізуге шанамен сырғанауға, қар лақтырып ойнауға, қардан кескіндер жасауға болатынына балалардың назарын аудару. Қыстың белгілері туралы білімдерін пысықтау, ойлауын, есте сақтау қабілетін, зейінін, шапшаңдығын, табиғаттың әсемдігін көре білу икемділігін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, сезімдерін тәрбиелеу. Қыстап қалған құстарға қамқорлық жасауға оларды баптап күте білуге үйрету, сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Балабақшадағы серуен күн тәртібінің бір бөлігі болып табылады. Ол негізгі бес бөлімнен тұрады: бақылау, жеке жұмыс, қимылды ойын, табиғаттағы еңбек және дербес (еркін) ойындар. Бес бөлім бірін-бірі толықтырады. Серуен арқылы балаға айнала қоршаған орта туралы толық мағлұмат берілуде.. Бала ауа райын, табиғатты, күнді, желді, қарды, ағаштар мен жануарларды, құстарды бақылай отырып білімін жетілдіреді, өзі үшін жаңалық ашады.
Серуен барысы:
- Қазір қыс мезгілі. Қыста ауа райы суық болады. Қар жауады. Балалар қармен ойнайды.
Балалар тәрбиеші бірге қардан әртүрлі кескіндер жасайды.

Серуен кезінде балалармен шаңғы теуіп, қызықты сәттерге кенелдік.

Күрекпен қар күреп еңбек  етіп шынығу жұмыстары жүргізілді.

Аяз келіп айнала,

Төңіректі қар жапты,

Шаңғы теуіп бар бала ,

Қар үстінен заулатты.

Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан,
Шанаменен зырласаң,
Қар лақтырып ойнасаң.
Суық өтер қолғаптан.

Серуен барысындағы қимылды ойындар мен қозғалыстар, балалардың денсаулығы мен өзін сезінуіне үлкен әсерін тигізеді.

2/5